Атырау, 24 қараша 17:31
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Енді Астраханьға автобуспен барып келуге болады

838 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

Екі қала арасында күн сайын – Астрахань теміржол вокзалынан Атырау автовокзалына дейін автобус қатынайтын болды. 

Автобус қалалар арасындағы 353 шақырым қашықтықты 7 сағат 30 минутта жүріп өтеді. Мұнда тас жолдың жөндеу аяқталмаған учаскелері арқылы жүру қиындықтары, сондай-ақ кедендік бақылаудан өтуге кететін уақыт ескерілген. Мемлекетаралық келісім аясында автобус жолаушылары шекарадан кезексіз өтеді, сондықтан тасымалдау кестесі бұзылмайды.

Тасымалдаушы – «Автопасс» ЖШҚ. Жақын арада Атырау – Астрахань – Атырау бағытында тағы бір автобус шығару жоспарланған. 

- Автобус Астраханнан күн сайын сағат 08:00-де (Астрахань уақытымен) шығып, Атырауға 17:30-да (жергілікті уақытта) жетеді. Ал Атыраудан кешкі сағат 21:00-де (жергілікті уақыт бойынша) шығып, діттеген жеріне 05:00-де (Астрахань уақытымен) жетеді. Билет құны - он мың теңге. 5 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға 50% жеңілдік қарастырылған. 5 жасқа дейінгі балалар тегін жүреді, оларға бөлек орын қарастырылмаған, - деп хабарлады «Автопасс» ЖШҚ. 

Қалааралық 49 орындық автобусқа жолаушыларға ыңғайлы болу үшін кондиционер мен тоңазытқыш орнатылған. Автобус демалыс және мереке күндері де кесте бойынша қатынай береді. Екі жүргізуші ауысыммен жұмыс істейді. Жолаушылар билетті автобусқа отырар кезде сатып ала алады. 

- Жақын арада Атыраудан сағат 9:00-де (жергілікті уақыт бойынша) және Астраханьнан сағат 19:00-де (Астрахань уақытымен) шығатын екінші рейсті ашуды жоспарлап отырмыз, - деп атап өтті тасымалдаушы.

Қосымша сұрақтар бойынша жолаушылар +7 988 172‑50‑50 нөміріне хабарласуларына немесе WhatsApp-қа жазуларына болады.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

6 мамыр, 15:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.