Атырау, 24 қараша 17:44
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырау қаласында биыл жаңадан асфальт төселетін көшелердің тізімі

982 просмотра

Атырау қаласы аумағында бұрын асфальт төселмей қалып кеткен көшелерге автокөлік жолдарын төсеу биыл қайта жалғасады. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 2021 жылы басталған «Атырау қаласына автокөлік жолдарын салу  (Самал, Нурсая, Атырау, Лесхоз, Жеруйык, Орталық, Жұмыскер, Балықшы ы/а)» жобасы бойынша, биыл қай көшелерде жаңадан жол төсеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлады.

Бөлімнің мәліметіне сүйенсек, жоба бойынша биыл Атырау-2 ықшам ауданы, 4-1, Қарабатан полигоны, УС-99 және Қалалық білім беру бөлімі аумағы, Өркен ы/а, 36 көше, Атамұра ы/а 1-2 участке, Брусиловский көшесі, Досмұхамбетов 2Б, 244 үйлердің аумағы, №6 Балабақша артқы аумағы,Тасқала ы/а, Сары өзек ы/а, Атырау ы/а спорт-мектебі аумағы, Көкарна ы/а, Жұлдыз-1 ы/а №14,15,16 көшелер қиылыстары, Тендік (Новокирпичный) көшелері аумақтарында қалған жұмыстарды аяқтау көзделуде.  

Бұдан бөлек, қала және қала аумағына қарасты  тұрғындарының арыз шағымдары арқылы жинақталған 130-ға жуық көшелердің тізімдері бар. Бұл көшелер бойынша қазіргі кезде жобалау-сметалық құжаттамалар жасақталуда. Жобалау жұмыстары аяқталысымен, мемлекеттік сараптамадан оң қортындысын алуына қарай және жергілікті бюджеттен қаражат көзі бөлінуіне қарай іске асырылады деп хабарлады Атырау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінен.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

6 мамыр, 17:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.