Атырау, 24 қараша 17:53
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Индер ауданында 1600 орындық 15 эвакуациялық пункт дайындалды

741 просмотра

Индер ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау майоры Парасат Боранбайұлының айтуынша, тасқын орын алып, тұрғындарды көшіру қажеттілігі туындаған жағдайда эвакуациялау жұмыстарына 150-ге жуық қызметкер жұмылдырылады.

"Эвакуациялауға қатысатын мамандардың қатарында төтенше жағдайлар бөлімі, полиция, жергілікті атқарушы органдар өкілдері бар. Сонымен бірге, 26-ға жуық техника дайын тұр. Тасқын қауіпі туған жағдайда  дабыл белгісі іске қосылатын болады" деді  Индер ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау майоры Парасат Боранбайұлы.

Индербор кентіндегі Мұхтар Әуезов атындағы орта мектеп қауіпті аймақта орналасқан елдімекен тұрғындары үшін дайындалған эвакопункттердің бірі.

Аталған мектеп директоры Мереке Жұмашеваның айтуынша, мұнда 45 кереует, 45 әскери төсек-жабдық дайындалған.

"90 орынға спорт залы дайындалды. Бір мезгілде асханадан 100 адам  тамақтана алады. Дене тәрбиесі сабағы мектеп ауласындағы алаңда  өтіп жатыр. Басқа пәндер офлайн форматта өтуде", - деді спикер.

Еске сала кетелік, 6 мамыр күні Индер ауданында Жайық өзеніндегі су деңгейі сағат 8.00 ахуал бойынша, 884 см жетті.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

6 мамыр, 12:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.