Атырау, 24 ақпан 05:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 497.33
€ 586.70
₽ 6.48

Өтемісов көшесіндегі үйде өрт шықты

751 рет қаралды

Өрт шыққан үйден 50-ге жуық адам эвакуацияланды.

4 мамыр күні сағат 17:00 шамасында патрульдік полиция батальоны және учаскелік полиция инспекторлары бірлесіп, М. Өтемісов көшесінде орналасқан көпқабатты үйден шыққан өрттен тұрғындарды қауіпсіз жерге шығаруға көмектесті.  

Сондай-ақ, есігі құлыптанып қалған пәтерлердің бірінен 8 жастағы баланы шығару үшін полиция қызметкерлері есікті бұзып кіріп, жасөспірімді қауіпсіз жерге шығарды. Тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

5 мамыр 2024, 09:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.