Атырау, 6 қараша 20:46
 дождьВ Атырау +7.1
$ 451.87
€ 507.31
₽ 5.53

​Сарайшық қалашығындағы көне қорымдар судан қорғалған

1 069 рет қаралды

Бұл жөнінде Сарайшық ауылдық округының әкімі Жаннат Кенжеғалиева мәлімдеді, деп хабарлайды Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы. 

Бүгінгі күнге Сарайшық ауылындағы жағалау бекіту жүмыстары 100% аяқталған. Қорғаныс бөгеттерінің  жалпы ұзындығы 13,6 шақырымды құрайды. Олардың 5,4 шақырымы ескі жалдар болса, 8,2 шақырымы жаңадан салынған.       

- Барлық ескі қорымдар мен Сарайшық қалашығындағы археологиялық қазба орындары биіктігі 2,5 м дамбамен қорғалған. Сарайшық сапар-орталығының айналасындағы қорғау қоршауы да жаңартылды, - деді Ж.Кенжеғалиева.  

4 мамыр 2024, 12:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.