Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректері бойынша өткен тәулікте 2024 жылғы 4 мамырда сағат 8-дегі жағдай
Қиғаш пен Шарон каналында, Еділ өзенінің бассейнінде су деңгейінің жоғарылауы байқалады, деңгейдің көтерілуі Волгоград су қоймасынан су тасқыны кезінде судың көбеюіне байланысты.
Қиғаш өзені – Шортанбай ауылы су бекетіндегі су деңгейі 367 см, тәулігіне көтерілу + 4 см. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 238 см құрайды.
Қиғаш өзені – Котяевка с. гидропосты бойынша су деңгейі 232 см, тәулігіне көтерілу + 3 см. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 222 см құрайды.
⁃ Шарон өзені –Ганюшкино ауылы су деңгейі 222 см, тәулігіне көтерілу +3 см. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 125 см құрайды.
Қиғаш каналындағы су тасқыны режимі Волгоград су қоймасынан судың келуіне байланысты.
4 мамырда Еділ су электр станциясынан су жіберу 15 870 м3/с құрайды.
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы