Құлсары қаласындағы су басқан аймақтардан су шығару жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы.
Аталған жұмыстарға Төтенше жағдайлар министрлігі, жергілікті атқарушы органдар және өндірістік мекемелердің күш құралдары жұмылдырылуда.
3 мамырдағы жағдай бойынша, шығарылған судың жалпы көлемі 3 миллион 500 мың текше метрді құрайды.
Атқарылған жұмыстар нәтижесінде 2723 тұрғын үй ауласы және 257 кәсіпкерлік, 29 әлеуметтік нысан аумағы судан тазартылды.