Атырау, 24 қараша 17:09
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

3 мамырдағы Қиғаш және Шарон өзендеріндегі су деңгейі туралы жедел ақпарат

571 просмотра

Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректері бойынша өткен тәулікте 2024 жылғы 3 мамырда сағат 8-дегі жағдай

Қиғаш пен Шарон каналында, Еділ өзенінің бассейнінде су деңгейінің жоғарылауы байқалады, деңгейдің көтерілуі Волгоград су қоймасынан су тасқыны кезінде судың көбеюіне байланысты.  

Қиғаш өзені – Шортанбай ауылы су бекетіндегі су деңгейі 363 см, тәулігіне көтерілу + 4 см. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 234 см құрайды.

Қиғаш өзені – Котяевка с. гидропосты бойынша су деңгейі 229 см, тәулігіне көтерілу + 5 см. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 219 см құрайды.

Шарон өзені –Ганюшкино ауылы су деңгейі 219 см, тәулігіне көтерілу +3 см. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 119 см құрайды.

Қиғаш каналындағы су тасқыны режимі Волгоград су қоймасынан судың келуіне байланысты. 

3 мамырда Еділ су электр станциясынан су жіберу 16 120 м3/с құрайды.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

3 мамыр, 12:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.