Атырау, 25 сәуір 11:16
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Лариса Сирота: «Гандбол - өте оңай ойын»

6 063 просмотра

Гандболдың Олимпиадалық ойындар бағдарла-масына енгеніне көп болды. Осы командалық ойынның өңірімізде дамуы туралы 3-БЖСМ аға жаттықтырушысы Лариса СИРОТАМЕН сұхбаттастық.

ТӨРТ РЕТ ЖАБЫЛҒАН

- Лариса Владимировна, атыраулық гандболшылардың турнирлік жетістіктері жөнінде айтыңызшы.

- Біздің 1988-89 ж.т. алғашқы түлектеріміз 2005 жылы Қазақстан чемпионатының, 2003 жылы Тольятти қаласында өткен халықаралық фестивальде, 2007 жылы Астраханда Каспий маңы елдерінің универсиадасында қола жүлдегер атанды. Сол команданың құрамында Асланбек Кешімов, Мұхтар Жұмабаев, Вячеслав Ли, Дмитрий Нечаев, ағайынды Ержан мен Нұржан Сұлтановтар, Ринат Табылдиев, Равиль Сәрсенов, Владимир Ким, Асылбек Тілегенов, Эдуард Эдинов, Николай Ходин, Юрий Баранов және Егор Трепетин сынды жігіттер ойнады.Олар әлі де ойнап жүр, олар қазір ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында өнер көрсетеді. Болашақта облыстың кәсіпқой гандбол командасының негізін солар құрайды деп үміттенемін. Балалар 35-40 жасқа дейін ойнап, ақша тауып, өз отбасыларын асырай алады.

Бұл жоспарларды жүзеге асыру облыстық туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының қазіргі басшысының арқасында мүмкін болды. Ал 2006 және 2012 жылдар аралығында біздің спорт түріміздің жағдайы қиын болды. Жаттығу базасы болмады, 2-БЖСМ-дегі гандбол секциясын бір ашты, бір жапты. Спорт мектебі басшылығына, менің түсінуімше, мен ұнамаған болсам керек. Гандболшыларды палуандар, волейболшылар, боксшылар жаттықтырды... Алайда мен команданы сақтап қалдым. «Мұнайшы» стадионының басшылары – Эдуард Хисметуллин мен Жексенбай Құсайыновқа алғысым шексіз. Ал қысқы залды бізге Мұнай және газ институтының ректоры Төлеуіш Серіков берген еді.

- БЖСМ басшылығы сізді неге ұнатпады?

- Менің ойымша, спорт мектебінің сол кездегі басшылардың гандболды дамытуға аса қызығушылықтары бола қойған жоқ. Балалар жинаудан проблема болған емес. Алайда бізді жарыстарға жібермеді. 1994-95 ж.т. жасөспірімдер тобы турнирлерге мүлдем қатыспады. Біздің БЖСМ-де гандбол секциясы 6 жылда 4 рет жабылды. Енді мұның бәрі артта қалды.

3-БЖСМ-ның қазіргі басшыларымен ешқандай келіспеушіліктеріміз жоқ. Бұл - шынымен спортты жақсы білетін басшылар. Бізге жаттығу базасы берілді, қажетті құрал-саймандар алынып жатыр. Қазіргі уақытта 3 оқу-жаттығу тобы мен 1 бастапқы дайындық тобы жұмыс жасап жатыр.

 

ӨЗ ҮЙІМІЗДЕ ҚОНАҚ СИЯҚТЫМЫЗ

- Олай болса, енді тек жүлделер үшін алға деңіз...

- Бәрі де оңай емес. Қазақстандық гандболда төрешілердің аяқтан шалуы басқа жерлерге қарағанда өте күшті. Бізге 4-орыннан жоғары орынды бермейді. Ал Атырауда гандболдан өз төрешілеріміз жоқ. Қазақстан чемпионатында және республикалық турнирлерде бапкерлердің өздері төрелік етеді. Менде төреші сертификаты жоқ.

Әр ойын сайын ұятсыз төрешілер бізге 2-3 қызыл кәртішке көрсетеді. Алаңнан не қорғаушыны, не шабуылшыны қуады. ҚР Мемлекеттік төрешісі Бағдат Майлыбаев төрелік етудің осындай келеңсіздіктері туралы мәселе көтерді. Енді мұнымен күресетін болады.

Бізде осындай жағдай болған. Қостанайда ойнадық, турнир кестесінің ең соңында қалып қойдық. Содан кейін Тольяттиде жыл сайын өтетін фестивальге бардық (Қостанайда ойнаған барлық командалармен бірге), еш қиналмастан барлығын ұттық. Бұл Ресейде төрешілер сапасына бақылау жасау жақсы жолға қойылғандығының арқасында. Біз сол жерде әділетті орнымызды алдық.

- Қазір Қазақстанда гандбол қандай деңгейде?

- Бұрын Қазақстанның әйелдер құрамасыАзияда бесінші орында болатын.Бұл жетістік 2001 жылы Осака қаласында Шығыс Азия ойындарында 3-орын алған уақытта басталған. Мен сол команданың аға бапкері болдым және содан кейін Атырауда жұмысжасауға шақырылдым. Содан кейін Қазақстанның әйелдер құрамасы Азия чемпионы атанды.

Қазақстанның ерлер құрамасы Азияда 11-орында тұр.

- Менің білуімше, Атырауда мектепаралық гандбол лигасы жақсы дамып келе жатыр.

- Бұл үшін Дене шынықтыру мен спортты дамыту өңірлік орталығына зор алғыс айтамыз.Орталық гандболдың дамуына көп үлес қосып келеді. Осының арқасында ер балалар мен қыздар оқушылар арасындағы барлық республикалық спартакиадаларға қатысып жүр. Мамыр айында біз мектеп лигасын өткіздік. №6 мектеп базасында облыс мектептерінің 80 дене тәрбиесі мұғалімдері қатысқан бапкерлік семинар өткіздік.

Гандбол - өте оңай ойын. Ойынның қыр-сырын білу үшін пән мұғалімдеріне 10 минут жеткілікті болды. Гандбол сабақтарына аудандардың жастарын тарту жоспарымызда бар. Ауылдың балалары мықты, бойшаң болып келеді. Егер Атырауда спорт интернаты болса, спорттық жетістіктерге жету проблема болмас еді.

Облыс мектептері көмегімен гандболмен бұқаралық айналысуға қол жеткізгіміз келеді, сондай-ақ мектеп лигасы арқылы облыс командасына талантты балаларды іріктейміз.

- Жаттығуларға қайда жазылуға болады?

- Ж.Молдағалиев көшесі, 2 мекенжайындағы («Атырау-Ақпараттың» қасында) 3-БЖСМ-ге хабарласыңыздар. 8-14 жас аралығындағы балалар дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері сағат 12-ден 14-ке дейін жаттығады. Одан үлкендер күн сайын (демалыс күндерінен басқа) сағат 20-дан 21-ге дейін шұғылданады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

13 маусым 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.