Атырау, 17 мамыр 09:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Америкада тұңғыш қазақ балабақшасы ашылды

259 просмотра
видеодан скриншот

Американың Калифорния штатында алғашқы қазақ балабақшасы ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап.

АҚШ-та білім орталығын құру туралы идея отандасымыз Жанна Атабековаға тиесілі. Оның айтуынша,енді Кремний алқабында тұрып, жұмыс істейтін қандастарымыз өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарды сіңіріп, қазақ тілін үйрете алады. Балабақшаға Қазақстаннан келген иммигранттармен қатар қырғыз және америкалық отбасылар да балаларын бере алады.

“Бізге барлығы ұнады. Балаларымыздың ата-әжесінің тәрбиесіндей тәрбие алғанын қалаймыз”, – дейді шетелдегі отандасымыз.

Тағы бір қандасымыз балабақшаның қазақ тілін үйренудегі маңызы зор екенін айтты.

“Балабақшаның тілімізді сақтау қалудағы маңызы зор. Кіші қызым Асима 18 айлық. Қызымның ана тілін біліп өскенін қалаймын”, – дейді ол.


2 мамыр, 15:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.