Бұл туралы Nostrum Oil & Gas PLC өз есебінде хабарлады.
2023 жылдың бірінші тоқсанында CHN 301 ұңғымасы таскөмір және девон кезеңдерінің қабаттарына жетуі тиіс 4980 метр тереңдікте бұрғыланды. Көмірсутектер (мұнай, газ конденсаты) барлық үш негізгі аралықта табылды.
Компания ұңғыманың бастапқы әлеуеті тәулігіне 400-700 баррель деңгейінде болуы мүмкін. Өндіріс осы жылдың ортасына қарай іске қосылады деп жоспарланып отыр. Бұрғылау қондырғысы 2024 жылдың 3-тоқсанында бағалау үшін бұрғылау мақсатында келесі CNH 41 ұңғымасына өтеді.
Чинарев кен орны – Орал қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 90 км жерде орналасқан мұнай-газ конденсатты кен орны. Оның қоры 49 миллиард текше метр табиғи газ және 35 миллион тонна мұнайды құрайды.
Чинарев кен орны - Nostrum Oil & Gas компаниясының негізгі өндірістік активі, кен орнын толық еншілес кәсіпорны болып табылатын «Жайықмұнай» ЖШС басқарады.
Сонымен қатар, Nostrum Oil & Gas - Ростошинское, Дарьинск және Южно-Гремяченское мұнай-газ кен орындарының 100% үлестік операторы және иесі.
Жомарт ӘМІРХАНОВ