Атырау, 24 қараша 16:28
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырау полицейі пәтерді өзінде қалдырды

534 просмотра

Көп балалы полиция қызметкерінің отбасы құқық қорғау органы төлеген ипотекалық пәтерді өзінде қалдырып, сотта жеңіске жетті.

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, қызметкеріне тұрғын үй төлемін қамтамасыз еткен құқық қорғау органы мен оның қызметкері арасында дау туындаған.

Іс материалдарына сүйенсек, 2018 жылы полицей тұрғын үйге мұқтаж ретінде танылып, ипотекаға пәтер сатып алған. Осы жылдар ішінде құқық қорғау органы тиесілі төлемді төлеп отырған, бірақ 2023 жылы жұбайының атында пәтері бар екені анықталды. Бұл дерек белгілі болғаннан кейін құқық қорғау органы төлемді тоқтатты.

Сол кезде полицей сотқа шағым түсіріп, өз қаражаты есебінен тұрғын үй сатып алуға қаржылық мүмкіндігінің болмауы банктен қарыз алуға себеп болғаны дәлелденді. Бұдан басқа, жұбайы сатып алған пәтер банкке кепілге қойылғаны және полицейлер отбасының пәтерге билік етуге құқығы жоқ екен белгілі болды. 

Сондай-ақ тұрғын үй төлемін есептеу ережесіне сәйкес, тұрғын үйдің ауданы отбасының әрбір мүшесіне 18 ш.м. пайдалы алаң (п.а.) есебімен айқындалады. Екі пәтердің пайдалы ауданы 137 шаршы метрді құрады, ал ол 144 болуы керек.

Сот жұбайының “Күміс алқа” төс белгісімен марапатталғанын ескеріп, полицейдің пайдасына шешім шығарды: отбасы кәмелетке толмаған алты бала тәрбиелеп отыр. 

Сөйтіп, пәтер полицейде қалды, бірақ оның ақшасын Полиция департаменті төлейтін болды.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

2 мамыр, 13:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.