Атырау облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бопсалаумен айналысқан қылмыстық топты құрықтады.
Өзбекстан елінің азаматынан ақша бопсаламақ болған қылмыстық топты жәбірленушіден 50 мың теңге ақша алу кезінде ұстады. Төрт адамнан құралған күдіктілер арасында кәмелет жасқа толмағандар да бар. Оларға қатысты адамдар тобының бопсалауы дерегімен қылмыстық іс қозғалды.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА