Жыл сайын көктемнің күнінде көкнәр бүр жара құлпырып, далаға ерекше көрік беріп тұратыны бар. Ал құрғақшылық жылдары кейде бүршік жармастан солып қалатыны жасырын емес. Биыл ылғалдың мол болуынан қызғалдақтар да, көкнәр тұқымдас гүлдер де көп шықты.
Құрманғазы ауданының тұрғыны Саламат ҚАБДОЛОВ әсемдікті құр жібермей, суретке түсіріп, "АЖ" редакциясына бірнеше суретті жариялауды өтінген болатын. Ол Жаңаталап ауылдық округіне қарасты "Шағырлы" даласы қыр гүлдеріне тұнып тұрғанын айтады.
Қазақстанда көкнар тұқымдас гүлдер Қызыл кітапқа енгізілген.
Бұл гүлдердің "өмір сүру" ұзақтығы шектеулі күннен тұрады.
Біз сұлулықтан тамашалап қана қоямыз, оны жұлмаймыз, өйткені бұл үшін айыппұл қарастырылған.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
С. Қабдолов жолдаған суреттер