ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы лауазымына Бекешева Әлия Аюпқалиқызы тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Әлия Аюпқалиқызы 1970 жылы Атырау облысында дүниеге келген. 1995 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінде «гигиенист - эпидемиолог» мамандығын тәмәмдаған.
Еңбек жолын 1995 жылы Атырау облысы Атырау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық станциясының дәрігер-эпидемиологы болып бастады.
1995-2013 жылдар аралығында Атырау қалалық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасында түрлі лауазымдарда, дәрігер-эпидемиолог, санитарлық дәрігер, еңбек гигиенасы, тамақтану гигиенасы бөлімдерінің басшысы болып жұмыс істеген.
2013 - 2021 жылдар аралығында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы, бөлім басшысы қызметтерінде болды.
2021 жылдан тағайындалғанға дейін аталған департамент басшысының орынбасары қызметін атқарды.