Міне, үш жылдан бері жаз басында Абай алаңындағы тас төсеуіштерді алып, орнына жаңасын төсейді. Биылғы жазда да бұл қайталанып отыр.
Бергей Рысқалиев облыс әкімі болып тұрған кезде қалалықтар қала көшелерінің жыл сайын жаңарып отыратындығын Бергейдің жеке тас төсеуіштер дайындайтын зауыты болуымен түсіндіретін. Атырау көшелері осы өнімдерді өткізу нарығына айналған-ды. Алайда қазір Рысқалиев жоқ. Әйтсе де жұмысшылар Қ. Сәтпаевтың мүсіні тұрған шағын демалыс алаңының бүтін тұрған төсемелерін шығарып алып, белгісіз жаққа тасып жатыр.
Қалалық ТКШ бөлімінен алған жауабымыз: «Қ. Сәтпаев мүсіні тұрған аудандағы тас төсеуіштер отырып кеткендіктен бірінші рет алынып жатыр. Бұрын бұл аумақта жұмыстар жол бойында және тротуар шеттерінде жүргізілген. Жұмыстарды мердігер ұйымдар қаржыландырусыз жүргізіп жатыр».
Бұл мердігерлер жұмыстарды қарызға жасап жатыр дегенді білдіреді. Отырып кеткен жерлерді көтеріп, шығарылған тас төсеуіштерді кері жабуға болмады ма екен, түсініксіз.
Тамара СУХОМЛИНОВА
Суретті түсірген автор