Атырау, 24 қараша 17:15
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Өңірлік комиссияда Жылыой кәсіпкерлерінің шығынын өтеу мәселесі қаралады

688 просмотра


Өңірлік комиссияда су тасқынынан зардап шеккен  жылыойлық кәсіпкерлердің шығынын өтеу мәселесі қаралады , деп хабарлайды Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы.

30 сәуірде Жылыойда кәсіпкерлерден өтінім қабылдау басталды. Оған сәйкес, мүлік иесін "су тасқыны салдарынан зардап шеккен" деп тану және мүліктік шығындарды алдын ала бағалау комиссиясы құжаттар қабылдайды.

«Тасқын салдарынан Жылыой ауданында 200-ге жуық бизнес субъектілері зардап шекті. Жақында кәсіпкерлер үшін Атырау облыстық кәсіпкерлік басқармасы, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасымен бірлескен жиын өтті. Бұл жерде мәселелерді қарау, бағалау тәртібі және шығынды өтеу тәртібі басқаша жүреді. Кәсіпкерлердің шығынын өтеу мәселесі арнайы өңірлік комиссияда қаралады» деді Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов.

Еске сала кетсек, кәсіпкерлерден өтінім қабылдау Құлсары қаласындағы №9 мектеп ғимаратында 09:00-18:00 аралығында қабылданады.

30 сәуір, 11:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.