Атырау, 24 қараша 19:09
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мамандар Құлсары тұрғындарын үйлерге дезинфекцияны өз бетімен жасамауға шақырды

741 просмотра

Өңіріміздегі қазіргі ахуалға байланысты Атырау облысы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті облыс тұрғындарына ескертпе жасады.

«Құлсары қаласында су тасқыны болған аймақтарда дезинфекция жұмыстары жүріп жатыр. Осы орайда тұрғындарға өз беттерімен үйлеріне тазалау жұмыстарын жүргізбеуді және дезинфекция жасалмаған үйге кірмеуге шақырамыз.  Өйткені, су көп тұрып қалған аумақта түрлі инфекциялар таралып, жұқпалы ауру жұқтыру қаупі бар. Сондықтан, тұрғын үйді судан тазартып, құрғату үшін арнайы мамандарға жүгіну керек» деді Атырау облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Айгүл Сабырқызы.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

29 сәуір, 16:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.