Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың ұлы, 16 жастағы Адам жаңа лауазымға ие болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қадыров өзінің жеке Telegram-арнасында ұлының Владимир Путин атындағы Ресей арнайы күштерінің (РУС) кураторы болып тағайындалғанын сүйіншіледі. Ол ұлының өз міндеттерін өте жақсы орындайтынына сенімді.
Сондай-ақ Шешенстан басшысы бұл шешім РУС басшысы Байбетар Вайхановтың өтініші бойынша қабылданғанын айтты.
Адам Қадыров атақты университеттің қызметімен тығыз таныс. Ол жүктелген міндеттерді өте жақсы орындайды деген сенімдемін, – деп жазды Рамзан Қадыров.
Айта кету керек, бұл Адам Қадыровтың алғашқы лауазымы емес. 16 жасар Қадыров Шешенстанның батыры, әкесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің бастығы және Шейх Мансур атындағы батальонның кураторы.