Атырау, 22 қараша 18:49
 ашықВ Атырау +2
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Әзербайжан мен Армения министрлері Алматыда кездеседі

408 просмотра
Фото:Freepik.com

Әзербайжан мен Арменияның сыртқы істер министрлері Алматыда келіссөз жүргізеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Azertag.az хабарлауынша, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен телефон арқылы сөйлескен кезде келіссөздер туралы айтқан.

«Қазақстан тарапының ұсынысымен Әзербайжан мен Арменияның сыртқы істер министрлері бейбітшілік шарты бойынша келіссөздерді жалғастыру үшін Алматыда кездеседі. Әзербайжан Республикасы Бейбітшілік шартының бастамашысы және оның негізін құрайтын 5 қағиданы ұстанады», - делінген ел президентінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Энтони Блинкен өз кезегінде, Армения мен Әзербайжан арасындағы шекараны делимитациялау туралы келісімді АҚШ-тың қолдайтынын жеткізген.

29 сәуір, 11:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.