27 сәуір күні сағат 18:00 шамасында республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 521 шақырымы тұсында маркасы Lada Kalina автокөлігі жолдың қарсы бетіне шығып кеткен.
Сөйтіп Mitsubishi автокөлігіне соғысқан. Салдарынан Lada Kalina автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы Доссор аудандық ауруханасына жеткізіліп, жолаушысы ауруханада қаза тапты.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА