Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректері бойынша өткен тәулікте 2024 жылғы 29 сәуір сағат 8-дегі жағдай
Атырау облысының Жайық өзені бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен деңгей өзгерді:
- Жайық өзені – Индербор кентіндегі су бекетіндегі деңгейі 668 см., деңгейдің +23 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 445 см құрайды.
- Жайық өзені - Махамбет кенті 754 см деңгейінде, тәулігіне + 11 см деңгейдің көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 437 см құрайды.
- Жайық өзені - Атырау қ. гидропостындағы деңгейі 442 см., тәулігіне +8 см. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілуі 251 см құрайды.
Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.
29 сәуірде Иректі су қоймасынан су жіберу 192 м3/с құрайды.
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы