Атырау, 22 желтоқсан 19:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

27 сәуірдегі Жайық өзеніндегі су деңгейі туралы жедел мәлімет

1 020 рет қаралды

Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректері бойынша өткен тәулікте 2024 жылғы 27 сәуірде сағат 8-дегі жағдай:

Атырау облысының Жайық өзені бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен деңгей өзгерді:    

  Жайық өзені – Индербор кентіндегі су бекетіндегі  деңгейі 626 см., деңгейдің +13 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 403 см құрайды.

  Жайық өзені – Махамбет кентінің гидропостындағы  деңгейі 735 см., деңгейдің тәулігіне + 7 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 418 см құрайды.,    
  Жайық өзені-Атырау қ. гидропостындағы  деңгейі 431см., тәулігіне + 3см деңгейдің көтерілуі. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 240 см құрайды.

Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.

 "27 сәуірде Иректі су қоймасынан ағызу 192 м3 / с құрайды", - делінген хабарламада.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

27 сәуір 2024, 12:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.