Атырау, 24 қараша 19:09
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Соколок каналына су келді

Бейнежазба
1 059 просмотра

Жалпы ұзындығы 32 шақырым болатын Соколок каналына су келді. 24 сәуір күнгі мәлімет бойынша, каналдағы су деңгейі 5 сантиметрге көтерілген, деп хабарлайды Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы.

108 учаске бойынша жауапты координатор Олжас Сұлтановтың айтуынша, Соколок каналы үлкен көлемдегі суды  қабылдауға дайын.

«Доссор көпіріне дейін  бөгеттер көтерілді. Соколок каналының түбі тереңдетіліп, тазартылды. Ұзындығы 24 шақырым болатын жаңа каналымыз да дайын. Каналдың басты ролі үлкен суды бірінші болып қабылдайды. Және суды қалаға жеткізбей,  теңізге бағыттап отырады» деді жауапты координатор Олжас Сұлтанов.

Еске сала кетсек, бұған дейін Индер ауданындағы Бағырлай, Махамбет ауданындағы Бақсай каналына су келгенін хабарлаған болатынбыз.
25 сәуір күнгі мәлімет бойынша, Жайық өзенінің Атырау қаласындағы гидропостындағы су деңгейі 425 сантиметрге жетті. 


25 сәуір, 12:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.