Атырау, 5 мамыр 09:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Қоғамдық көліктер жаға бекіту жұмыстарында жүрген халықты тасымалдап жүр

616 просмотра

Әлеуметтік желіде тұрғындар «Авангард-Балықшы» ықшамаудандарына қатынайтын №12 маршруттың  соңғы кездері сирек жүріп жатқанына шағымданды. 

- Соңғы кезде №12 маршрут қайда кетті? Таңертең жұмысқа жете алмаймыз. №12 маршрут келгенше №14-тің төртеуі өтіп кетеді, - дейді тұрғын Әлия АМАНЖОЛОВА.

«Ақжайық» автопаркі хабарлағандай, қоғамдық көліктер жаға бекіту жұмыстарында жүрген халықты тасымалдап жүр.

«Төтенше жағдайдың орын алуына байланысты қоғамдық автобустар әскерилер мен басқа да саланың қызметкерлерін тасымалдауға жұмылдырылып отыр. Туындаған уақытша келеңсіздіктерге түсіністік танытуды сұраймыз» делінген автопарктің жауабында.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

25 сәуір, 13:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.