Атырау, 22 қараша 01:16
 бұлттыВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Атырауда үш жасар балаларды зорлау дерегі бойынша сараптама тағайындалды

914 просмотра

Атырау облысының полиция департаменті үш жасар егіздер - ұл мен қызды өз әкесі зорлады деген айып бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

#НеМолчиKZ қорының мәліметі бойынша, бұл балалар анасы 43 жасында экстракорпоралды ұрықтандыру арқылы дүниеге келген.

Әйелдің айтуынша, ол үнемі - таңғы 6-дан кешкі 8-ге дейін жұмыста болған. Ал балаларға зорлық-зомбылық ол қаладағы вахтада жүрген кезде жасалған.

«Ол күндері мүлде ештеңе байқамадым, бұл менің кінәм екенін білемін, бірақ қылмыскердің жазасын алғанын қалаймын», - дейді балалардың анасы.

Балалардың жыныс мүшелері аймағында тән жарақаттарды көргенде әйелде күдік пайда болған.

Қазіргі уақытта #НеМолчиKZ ұйымының басшылығы бұл істі жан-жақты тексеруді сұрап, Атырау облысының прокуратурасы мен Атырау полиция департаментінің басшылығына шағмыданғаны белгілі. Шағымға балалардың психологиялық күйзелісін көрсететін суреттері қоса берілген.

«АЖ» сауалына Атырау облысының полиция департаменті аталған факті бойынша 2023 жылдың қараша айынан бастап қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазір қосымша кешенді сот-медициналық сараптама тағайындалды. Нәтижесі бойынша тиісті құқықтық шешім қабылданады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

24 сәуір, 22:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.