Атырау, 4 қыркүйек 04:48
 дождьВ Атырау +21.9
$ 455.86
€ 528.84
₽ 5.25

Атырау облысында иммундау апталығы өтуде

1 094 рет қаралды
Фото: freepik.com

Атырау облысының аумағында профилактикалық егуді өткізіп алған 18 жасқа дейінгі адамдарға қосымша вакцинация жүргізілуде, деп хабарлайды ТЖ жөніндегі жедел штаб.

2024 жылғы 21-27 сәуір аралығында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен "Вакциналар: өткен, қазіргі және болашақ ұрпақ үшін денсаулықты қорғау "ұранымен Еуропалық иммундау апталығы өтуде.

Іс-шараның мақсаты - иммундау мәселелері бойынша халықты ақпараттандыру, иммунопрофилактиканың негізгі проблемаларын анықтау және алдын алу.

 - Атырау облысының аумағында вакцинациямен бақыланатын жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу мақсатында профилактикалық егуді өткізіп алған 18 жасқа дейінгі адамдарды қосымша вакцинациялау басталды, - деп хабарлады ТЖ жөніндегі жедел штаб.

24 сәуір 2024, 14:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.