Атырау, 24 қараша 19:00
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Тасқынның алдын алу үшін, Махамбетте жыралардың аузы ашылып жатыр

Бейнежазба
814 просмотра

Мамандар мұндай амалдың елдімекендерді тасқыннан қорғауға оң ықпал ететінін айтады, деп хабарлайды Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы.

«Бүгінгі таңда 12 жыраға, оның ішінде Қарт Жайық, Ойынкөл, Өлішығанақ, Бесағаш, Қоржын, Қосөзек, Жұмай, Бесқала, Алмағамбет т.б. жыраларға су жақсы құйылып жатыр. Судың көп бөлігінің сай-салаларға құйылуы елді-мекендерді су тасқынынан аман алып қалуға көмектеседі. Әзірге судың құрамында орман шаруашылығына кері әсер ететіндей зиян байқалмайды», - дейді Махамбет ауданы «Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме» мемлекеттік мекемесінің директоры Алтынбек АМАНГЕЛДІҰЛЫ.

Орманшылардың айтуынша, соңғы уақытта Атырау облысында су тапшылығының салдарынан орман қорында қурап қалған ағаштардың саны көбейіп кеткен. Сол себепті, қазіргі уақытта Махамбет ауданы орман шаруашылығына қарасты барлық жыралардың аузын ашылып отыр. Жыралар ағаш қалдықтарынан және топырақтан тазартылып, судың нормаға сай құйылуы үшін жағдай жасалуда.

Жалпы Атырау облысындағы төрт орман шаруашылығы бар. Олар Атырау қаласы, Құрманғазы, Индер және Махамбет аудандарында орналасқан.                   


24 сәуір, 12:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.