23 сәуірде Атырау облыстық сотының төрағасы Мухтар Парменов судьялар корпусына облыстың жаңадан тағайындалған судьяларын таныстырды, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 19 сәуірдегі Жарлығымен Азамат Гүлжан Ілиясқызы Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы лауазымына, Қанатұлы Жандос Атырау облысы Индер аудандық сотының судьясы лауазымына, Оспаналиев Нұрзат Қанлыбайұлы Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы лауазымына тағайындалды.
Гүлжан Азамат - 1993 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясының түлегі.
Сот жүйесіндегі өз еңбек жолын 2017 жылы Алматы қаласы №2 Жетісу аудандық сотының жетекші маманы лауазымынан бастады. Кейін Алматы қаласы №2 Жетісу аудандық соты кеңсесінің бас маман – сот мәжілісінің хатшысы қызметінде болып, бүгінгі тағайындалуға дейін Алматы қаласы №2 Жетісу аудандық соты әкімшісінің бас маман – сот мәжілісінің хатшысы лауазымында қызмет атқарды.
Жандос Қанатұлы - 1988 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясының түлегі.
Сот жүйесіндегі өз еңбек жолын 2014 жылы Бөкейорда аудандық соты кеңсесінің аға сот приставы лауазымынан бастады. Кейін Бөкейорда аудандық соты кеңсесінің бас маман – сот мәжілісінің хатшысы қызметінде болып, бүгінгі тағайындалуға дейін Бөкейорда аудандық соты әкімшісінің бас маман – сот мәжілісінің хатшысы лауазымында қызмет атқарды.
Оспаналиев Нурзат Канлыбайұлы - 1985 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясының түлегі.
Сот жүйесіндегі өз еңбек жолын 2016 жылы Шымкент қаласының Еңбекші аудандық сотының бас-маман – сот мәжілісінің хатшысы лауазымынан бастады. Кейін Шымкент қаласының Еңбекші аудандық соты әкімшісінің бас маман – сот мәжілісінің хатшысы қызметінде болып, бүгінгі тағайындалуға дейін Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман – сот мәжілісінің хатшысы лауазымында қызмет атқарды.
М.Парменов судьяларды жауапты тағайындалуларымен құттықтап, олардың қызметіне сәттілік, сот төрелігін сапалы жүзеге асыру және судьялық антқа адал болуды тіледі.