Атырау облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің масаны улауға 89 миллион 285 мың бюджет қаражатын жұмсауға дайын екені белгілі.
Мемлекеттік мекеменің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұрын жарияланған конкурс өткізілмеген деп танылғандықтан, тендердің жеңімпазы әзірге белгісіз. Бұл әлеуетті қызмет көрсетушілердің конкурстық құжаттаманың біліктілік талаптарына сай келмеуіне байланысты болды: оларда өңдеуге арналған техникалар, жабдықтар және препараттар болмаған.
«Тендер қайтадан өткізіледі», - деп хабарлады ТКШ.
Ал, биыл Атырауда көктем ерте түсіп, су мен батпақты жерлер жеткілікті болғандықтан жылдар бойы тұрғындардың мазасын алып келген маса-шіркейлердің көп болатыны сөзсіз.
Айтпақшы, былтыр дезинсекциялау жұмыстары сәуір айының басында басталып, бұл мақсатқа 50 миллион 400 мың теңге бөлінген болатын.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА