Атырау, 24 қараша 18:52
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Махамбет ауданында 4 мың мал басы қауіпсіз жерге көшірілді

711 просмотра
Бейнежазбадан алынған скриншот

Осы мақсатта 17 қауіпсіз аймақ анықталды, деп хабарлайды Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы.

Махамбет ауданда 50 мыңға жуық мал бар. Жануарларды тасқын судан қорғау мақсатында 17 қауіпсіз пункт анықталды. Бұл туралы қауіпті аймақтарға жатқызылған аумақтарда егіс жұмыстарымен айналысатын 46 шаруа қожалығының басшыларына алдын ала ескерту берілді, - деді Махамбет аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Олжас Мырзабаев.

Қазіргі уақытта қауіпсіз аймақтарға 4000-нан астам мал айдалды.
Маршруттар мен карталар әлеуметтік желілерде жарияланды, оларды ауылдық округ әкімдері аудандық жер қатынастары бөлімімен және ауыл ақсақалдарымен бірлесіп әзірледі.

Үй жануарларын көшіру картасы екі бағытта жасақталды, яғни, ені мен бойлық координаттары негізінде және  навигациялық маршруттар.

Мал иелері оны "Google maps" қосымшасында көре алады.

23 сәуір, 11:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.