Атырау, 4 мамыр 08:27
 ашықВ Атырау +15
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Малайзияда екі тікұшақ құлап, 10 адам қаза тапты

142 просмотра
Фото: freepik.com

Малайзияның Лумут қаласында елдің Корольдік теңіз күштерінің 90 жылдығына орай әуе шеруі алдындағы жаттығу кезінде екі тікұшақ құлады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy TASS агенттігіне сілтеме жасап.

Малайзияның өрт сөндіру және құтқару қызметі хабарлағандай, екі тікұшақта болған 10 экипаж мүшесі қаза тапты

Жергілікті БАҚ жариялаған кадрлардан тікұшақтардың ұшып жүргенін көруге болады. Сол сәтте олардың бірі екіншісінің бұрандасына ілініп қалады, артынша екі тікұшақ та жерге құлайды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, тікұшақтардың бірі спорт стадионының баспалдағына, ал екіншісі стадион жанындағы бассейнге құлаған. Олардың бірінде үш, екіншісінде жеті экипаж мүшесі болған.

23 сәуір, 10:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.