Атырау, 24 қараша 18:36
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Соколок каналындағы жұмыстар аяқталды

Бейнежазба
675 просмотра

Соколок каналында жағалау бекіту жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы.

Жайық өзенінің Атырау қаласына қарай ағатын мол суын азайтуға арналған басты каналдың бірі – Соколок. Оның су өткізу қабілеті секундына 100 текше метрді құрайды. Ұзындығы 32 шақырым болатын каналдың ерекшелігі – ол қаланы айналып, Жайық өзені мен Каспий теңізін жалғастырып жатыр.     

- Соколок бойынша бастапқы жоспар қолданыстағы каналды дамбалармен бекіту еді. Алайда, жағдайды зерделей келгенде, ескі арнамен қатарластырып жаңа канал қазу туралы шешім қабылданды. Себебі, ескі каналдың көп жері батпақ, техниканың жұмысын шектейтін болды,-деді учаскенің координаторы Олжас Сұлтанов.

Жаңа каналдың барлық стандарттарға сәйкес нығыздалған өз дамбасы бар, биіктігі Балтық межесі бойынша 21 метр. Еңіс жерлердің барлығы геодезиялық белгілермен реттелген. 

 

23 сәуір, 01:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.