Атырау, 3 мамыр 21:03
 ашықВ Атырау +10
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Қытайда қатты нөсер салдарынан 4 адам қаза тауып, 10 адам хабар-ошарсыз кетті

293 просмотра
Фото: freepik.com

Соңғы күндері Гуандун (Оңтүстік Қытай) провинциясының көптеген ауданында қатты жауын-шашын түсіп, оның салдарынан 10 адам хабар-ошарсыз кетті, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

Чжаоцин қаласы үш адамның өлімі жайлы, ал Шаогуан қаласы бір құтқарушының өлімі туралы хабарлаған.

Шаогуан мен Цинюаньды қоса алғанда, қалаларда жаңбырдың салдарынан 10 адам жоғалып кеткен.

Синьхуа хабарлағандай, іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Соңғы уақытта қатты жаңбыр жоғарыда аталған провинцияның көптеген ауданына, соның ішінде Шаогуан, Гуанчжоу, Хейуан, Чжаоцин, Цинюань, Мэйчжоу және Хуйчжоуға әсер етіп, үйлердің бұзылуына, жолдардың жабылуына және көшкінге әкелді.

22 сәуір, 17:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.