Атырау, 24 қараша 20:35
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Құрманғазы ауданында қамыстан қағаз шығаратын зауыт салу жоспарлануда

Сурет
608 просмотра
Көрнекі сурет

Аудан әкімі Абат ЖАНҒАЛИЕВТІҢ мәліметінше, қазір зауыт салуға мүдделі инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде.

- Бұл жерде қамыс көп екендігі белгілі. Бұл бағытта инвесторлар қызығушылық танытып, қамыс өнімінен қағаз шығаруға ынта танытуда. Бұл өндірісті жолға қоюға 90 млрд теңге қаражат құя алатын кәсіпкерлермен келіссөздер басталып отыр. Егер инвесторлармен сәтті келісім жасалса, онда аудан халқына 500 орындық жұмыс көзі ашылады,- дейді аудан әкімі А. Жанғалиев.

Аудан әкімі өз сұхбатында балық өнімдерін өңдеу тақырыбына да тоқталды.

- Бүгінгі таңда “Каспий-балық”, “Каспий таңы” ЖШС балық өнімдерін экспортқа өңдеп шығару цехтарын бастап салып жатыр. Кезінде Шортанбай балық зауыты деген үлкен мекеме болды. Қазір «Амангелді» өндірістік кооперативі мекемесінің иелігінде. Зауытты қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Кейін, Шортанбай зауыты балықты өңдеп сыртқа экспортқа шығаратын болады,- деді аудан әкімі.

Айта кетейік, Құрманғазы ауданында балық шаруашылығымен айналысатын алты мекеме бар. Оның барлығы өздерінің көктемгі, күзгі балық аулау лимитін қолданыстағы заңдылыққа сәйкес алып, орындап отыр.

Аудан басшылығы жалпы туризм мен табиғи өнімге сұранып тұрған Құрманғазы ауданына инвестиция құюға әзір кәсіпкерлерге көмек көрсетіп, қолдауға да дайын.

Ляззат ҚАРАЖАНОВА

22 сәуір, 18:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.