Атырау, 22 желтоқсан 19:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

22 сәуір​дегі Қиғаш өзеніндегі су деңгейі туралы жедел мәлімет

775 рет қаралды

Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректері бойынша  2024 жылғы 22 сәуірде сағат 8-дегі жағдай:

Қиғаш пен Шароновка каналында, Еділ өзенінің бассейнінде су деңгейінің жоғарылауы байқалады, деңгейдің көтерілуі Волгоград су қоймасынан су тасқыны кезінде судың көбеюіне байланысты болып отыр.    

- Қиғаш өзені – Шортанбай ауылы су бекетіндегі су деңгейі 270 см, тәулігіне көтерілу +16 см. су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 141 см құрайды;

- Қиғаш өзені –Котяевка ауылы су бекетіндегі су деңгейі 146 см, тәулігіне +16 см. Су тасқыны басталғаннан бастап жалпы көтерілу 136 см құрайды;

- Шароновка өзені –Ганюшкино ауылы су бекетіндегі су деңгейі 173 см, тәулігіне +5 см. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 76 см құрайды.   22 сәуірде Еділ су электр станциясынан су жіберу 21 750 м3/с құрайды.

Қиғаш пен Шароновка каналдарындағы су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

22 сәуір 2024, 11:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.