Атырау, 4 мамыр 03:33
 ашықВ Атырау +11
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Шри-Ланкада жарыс көлігі көрермендерді басып кетті: қаза тапқандар бар

133 просмотра
Фото: bbc.com

Шри-Ланкада өткен автожарыста 7 адам қаза тауып, 21 адам жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy BBC - ге сілтеме жасап. 

Әскери базалық қала Дияталауада өткен «Fox Hill Supercross» шарасында көлік жарыс жолағынан шығып кетіп, көрермендер отырған алаңға соғылған.

Қайтыс болғандар арасында 8 жасар қыз бала бар. Ел билігінің мәліметіне сүйенсек, қазір полиция апаттың себептерін анықтап жатыр.

Шри-Ланкада автомобиль спорты қауымдастығы осындай автожарыстарды 1993 жылдан бері өткізіп келеді. Бірақ пандемия мен елдің экономикалық жағдайының нашарлануына байланысты жарыс бес жылдан бері тоқтап қалған болатын.

Жарысты ұйымдастырушылар іс-шараны тегін ұйымдастырған, оған  100 мыңға жуық адам қатысқанын мәлімдеген.

22 сәуір, 11:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.