Атырау, 25 қараша 22:37
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Үздік жетеудің үшеуі – атыраулық

4 874 просмотра

Самал ҚҰМАРОВАСамал ҚҰМАРОВАҰБТ-дан ең жоғарғы 125 балл жинаған 7 қазақстандық абитуриенттің үшеуі – Атыраудың өкілдері. Үшеуі де - ағылшын тілін тереңдете оқытатын техникалық гимназияның түлектері.

АҚТАЛМАҒАН ҮМІТТЕР

Бүгін, 10 маусымда Атырау облысы бойынша ҰБТ қорытындысы жарияланды. Біздің түлектердің орташа нәтижесі 74,1  баллды құрады (былтыр 71 болған). Биыл ҰБТ-ға қатысу үшін 4 141 түлек өтініш берген. Халықаралық байқаулар мен олимпиадалардың 39 жеңімпазы білім беру министрлігінің бұйрығымен емтихандардан босатылды. Олар кез келген қазақстандық жоғары оқу орындарын таңдай алады. Әр түрлі себептермен (аурулығына, шетелдік оқу орындарына түсуіне байланысты) 17 адам қатысу өтінішін қайтарып алды. Осылайша, 4085 адам емтихан тапсырды.

«Алтын белгі» төс белгісіне 176 адам үміткер болған, алайда тек 66 оқушы ғана мұны ақтай алды (өткен жылы 176-дан 80-і). Ақталмаған үміттер, ең алдымен, мектепте оқушылардың бағасын көтеріп қойғанан болып отыр. 14 үміткерге жүлде алу үшін бір балл ғана жетпей қалды. Олардың барлығы апеляцияға жүгінді. Егер апелляциялық комиссия олардың уәждерін жеткіліксіз деп тапса, алтын туралы ұмытуға тура келеді және тек айрықша аттестатқа ие болатын болады. «Үздік аттестат» турасына келсек, оны 89 үміткердің 44 –і алады.

Нұржан ҚАМЗАЕВНұржан ҚАМЗАЕВЕң төменгі шектік 50 баллды 1 477 абитуриент жинай алмады. Олар тарих бойынша кейбір сұрақтарға келіспеушіліктерін білдіргенмен, көбіне математика тапсырмаларынан қиналды. Балалардың көпшілігі екілікті дәл осы пәннен алды. Ал ең төменгі орташа балл Мақат ауданында: 59,9.

Облыстық білім беру басқармасының басшысы Сатқан ЕСЕНҒАЛИЕВТІҢ айтуынша, біздің өңірдегі 7 тестілеу орталығында ҰБТ тапсырылу кезінде ерекше оқиғалар тіркелмеген. Алайда Құрманғазы ауданында 5 оқушы ереже бұзғандығы үшін аудиториядан қуылған, олардың жұмыстары есепке алынбады.

 

АЛ ЕНДІ ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қатарынан үш атыраулық оқушы 125 балл жинады. Өткен жылы бізде ең жоғарғы нәтижеге қол жеткізген оқушы болған жоқ.

- Бұл барлық ұжымның, ата-аналар мен ҰБТ-ға 9-сыныптан бастап дайындалатын оқушылардың бірлескен жұмысының жемісі. Пән мұғалімдері, психологтар, гимназия әкімшілігі – бәрі де балаларды тестілеуге дайындауға бар күштерін салды. Олардың еңбектерінің арқасында біздің 84түлектің 62-сі 100-ден аса балл жинады, ал орташа балымыз 106,6-ны құрады, бқл облыстағы ең жоғарғы көрсеткіш. Мен өзімнің педагог ұжымды және оқушыларымды мақтан тұтамын, - дейді техникалық гимназия директоры Софья ӘЛІБАЕВА.

Ақбөкен САХТАНОВ Ақбөкен САХТАНОВ Еліміздің ең пристижді оқу орындары – ҚМЭҚИ, ҚБТУ және басқалары біздің 125 жинаған түлектерге өздерінде оқу үшін шақырту қағаздарын жіберді. Нұржан КАМЗАЕВ пен Ақбөкен САХТАНОВ Назарбаев университетін таңдады. Ал Самал ҚҰМАРОВА жоғары білімді Ұлыбританиядан алады, бұл енді басқа әңгіме.

- Өте қиын болды, тарих бойынша сұрақтар қиын болды, мен жауаптардың дұрыстығына соңына дейін сенімді болмадым. Биыл көптеген сұрақтар жаңаланыпты. Мен емтиханға тест тапсырмалары бойынша дайындалған жоқпын, тек оқулықтан бір тақырып қалдырмай қайталай бергенім көп көмектесті, - деп тәжірибесімен бөлісті Самал.

Қалалық мектептердің ішінде техникалық гимназиямен бірге ҰБТ ны Қ. Сатпаев атындағы №19 мектеп сәтті тапсырды - 103,5 балл. Облыстық мектептер ішінде Қазақ-түрік лицейі бірінші орында - 105,2 балл, Ж. Досмұхамбетов атындағы облыстық лицей – 105,1 балл, облыстық ұлттық гимназия 102 балл жинады.

Облысымыздың нәтижелерін басқа өңірлермен 15 маусымда ел бойынша ҰБТ аяқталғаннан кейін ғана салыстыра аламыз.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

10 маусым 2013, 23:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.