Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректеріне сәйкес, 2024 жылғы 22 сәуірде сағат 8-дегі жағдайды хабарлады Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы.
Атырау облысының Жайық өзені бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен деңгей өзгерді:
Жайық өзені – Индербор кентіндегі су бекетіндегі су деңгейі 582 см., деңгейдің +8 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 359см құрайды.
Жайық өзені – Махамбет кентінің гидропостындағы су деңгейі 706 см., деңгейдің + 7 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 389 см құрайды.
Жайық өзені-Атырау қ. гидропостындағы су деңгейі 412 см., тәулігіне + 3 см. деңгейдің көтерілуі су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілуі 221 см құрайды.
Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.
"22 сәуірде Иректі су қоймасынан су жіберу 294 м3/с құрайды", - делінген хабарламада.