20 сәуір күні сағат 17:50 шамасында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Привокзальный 5 ықшамдауданы аумағында орналасқан көпқабатты үйден өрт шығып жатқанын байқап, дереу тұрғындарға көмектесуге әрекет еткен, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полицейлер 10 минуттың ішінде көпқабатты үйден 60 адамды эвакуациялады. Сондай-ақ, пәтердің бірінде құлыптанып қалған 2 қарияның пәтеріне есікті бұзып кіріп, қауіпсіз жерге шығарған.
Тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ.