Атырау, 24 қараша 20:24
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жылыой және Қызылқоға ауданы тұрғындарының несие төлемдері кейінге шегеріледі

801 просмотра

Тасқын судан зардап шекендердің басым бөлігі Жылыой ауданында (Құлсары қаласының 30% су басқан болатын) тұрады, - деп хабарлайды ТЖ жөніндегі жедел штаб.

- Қазіргі таңда Құлсары қаласы бойынша 2471 зардап шекен адамның тізімі жасалып, қаржы ұйымдарына жолданды. Сондай-ақ, Қызылқоға ауданындағы судан зардап шеккен 24 адамнан өтініш түсті. Қазіргі уақытта несие бойынша төлемдерді тоқтату жөнінде жұмыстар жүргізілуде, - деп мәлімдеді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігінің облыстық басқармасының басшысы Асланбек Қабесов.    

Еске сала кетейік, тасқын судан зардап шеккен барлық азаматтардың несие бойынша төлемдері автоматты түрде 3 ай мерзімге кейін ығыстырылады – 2024 жылдың 1 сәуірінен 30 маусымына дейін. Бұл ретте, тасқын су салдарынан төлемдерді кешіктіргені үшін айыппұл мен пенялар есептелмейді. Төлемдерді кейінге шегеру жергілікті атқарушы органдардың тізіміне сәйкес іске асырылады. 

20 сәуір, 16:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.