Атырау, 24 қараша 21:06
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда стратегиялық нысандарды сақтап қалу үшін, қорғаныс бонн орнатылуда

911 просмотра
Көрнекі сурет

Орнатылып жатқан бонндар  толқынның күшін әлсіретеді, деп хабарлайды Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы.

 Бонның алғашқы партиясыА лмалы елдімекенінде орнатылуда.

«Қатты ағынмен келе жатқан судың толқыны жарды жеп, бөгеттерді бұзып кетпеуі керек. Алмалымен бірге, Бесікті, Талғайраң, Дамбы сияқты ауылдардың жағаларын қорғауымыз қажет. Бонндар негізінен мұнай қалдықтарын жинауға қолданылады. Қазіргі уақытта біз бонндарды стратегиялық нысан - су беру стансаларын қорғап қалу мақсатында өзеннің бетіне орнатып жатырмыз. Бонндар мұнай компаниясынан алынуда. Бүгінгі таңда Ақтау қаласындағы резервтердің барлығы Атырауды тасқыннан сақтап қалу үшін пайдаланылып жатыр» деді Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы, генерал-майор Жасұлан Джумашев.

Еске сала кетсек, Атырау қаласында Жайық жағалауын бекіту жұмыстары 112 учаскеде жүргізілуде.

20 сәуір күнгі мәлімет бойынша Жайық жағалауының 199 шақырымына бөгет тұрғызылды. Жоспар бойынша Жайық өзені жағалауының 237,6 шақырымына бөгет орнатылуы қажет.

20 сәуір, 16:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.