Атырау, 19 тамыз 11:25
 дождьВ Атырау +22.5
$ 460.13
€ 532.60
₽ 5.42

Заттарымызды ұмыт қалдырмайық!

2 063 рет қаралды

Авангард ықшамауданындағы халыққа қызмет көрсету ғимаратында орналасқан көші-қон полициясының бөлімшесі үшін бүгінгі дүйсенбі ауыр болды. Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, иесіз сөмке қызметкерлерді де, келушілерді де әжептәуір дүрбелеңге салған.

ІІД-де хабарлағандай, әлдекім қабырға жанына қалдырып кеткен сөмке құқық қорғау қызметкерлерінің назарын аудартқан. Олар алдымен барлық адамды қауіпсіз жерге көшіріп, саперларды шақыртқан. Олар келген кезде қалғандарымен бірге қауіпсіз жерге көшірілген сөмкенің қожайыны – Өзбекстан азаматы келе қалды. Ол көші-қон полициясына құжаттарын ресімдеу үшін келіп, сөмкесін ұмытып кеткен екен. Сөмкенің ішінен күдікті ештеңе табылған жоқ.

Анастасия ПАСТУХОВА

10 маусым 2013, 21:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.