Әлеуметтік желіде Атырау тұрғындары енді көше жарығы үшін төлейтіні туралы ақпарат тарап жатыр.
«Атырау Энергосату» компаниясы өз сайтында түсініктеме берді:
«WhatsApp желісінде тарифті өзгертуге өтініш беру мерзімінің шектеулі екендігі туралы тараған аудио хабарлама жалған ақпарат болып табылады және халық арасында жөнсіз әбігершілік туғызып, жаңылыстыруда.
Тұтынушылардан бүгінгі таңда өтініштер қабылдануда, алдағы уақытта да қабылданады, сондай-ақ өтініштер халыққа ыңғайлы кез келген тәсілмен: кеңсенің жұмыс режиміне сай қағаз түрінде қабылданады; office@aesatu.kz электронды почтасына да жіберуге болады.
Көше жарығының құнын халық төлейді деген аудио хабарламаның да жалған екендігін ресми мәлімдейміз.
Электр энергиясын пайдаланушылар электр энергиясының төлемақысын бекітілген тарифтерге сәйкес, әрбір есепке алу құралынан алынған көрсеткіштер негізінде тек нақты тұтынған көлеміне қарай төлейді».
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ