ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті «Атырау Жарық» АҚ-на қатысты бақылау-қадағалау объектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау бойынша жоспарлы тексеру жүргізді.
Тексеру нәтижесінде 2024 жылғы 12 сәуірде ТМРКД «Атырау Жарық» АҚ-ға қатысты «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының 26-бабы 2-тармағының 18) тармақшасының талаптарын бұзу фактісі бойынша әкімшілік іс қозғады, атап айтқанда табиғи монополия субъектісі тарифті бекіту кезінде шығындары ескерілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға міндетті.
Осылайша, «Атырау Жарық» АҚ ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 164-бабының 4-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 5 907 200 теңге айыппұл салынып, оны субъекті қысқартылған тәртіппен жеті күн ішінде көрсетілген соманың елу пайызы мөлшерінде 2 953 600 теңге сомасында төлеген.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ