Атырау облысындағы төтенше жағдайға байланысты Боржоми (Грузия) муниципалитеті Атырауға аттас қала атауы жазылған 3 мың бөтелке минералды су түрінде гуманитарлық көмек жіберді.
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабының телеграмм чатында тұрғындар өткен жылдың қыркүйегінен бері бауырлас байланыс орнатқан Боржоми қаласының бұл әрекетін жылы қабылдады. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Атырауға Қазақстанның Грузиядағы құрметті консулы Леван БАГДАВАДЗЕ келіп, тұрғындарды туристік қалаға жиі келуге шақырған болатын. Сол кезде бауырлас қала болу бастамасын грузин тарапы көтерген еді.
Айтпақшы, Атыраудың басқа да бауырлас қалалары бар. Бұл дамыған ғарыш саласымен әйгілі американдық Хьюстон; ғасырлар бойы гранит пен мәрмәр өндірісімен әйгілі шотландтық Абердин; ежелден қару-жарақ пен нақышталған мыс ыдыстар шығаратын Әзірбайжанның Ширван; көкшіл теңізінен бөлек фармацевтикасымен танымал француздың Марселі және Өлі теңізде емдік балшықтары мен курорттары бар израильдік Ашдод қаласы.
Ең жақын көршілеріміз – Ақтау, Орал, Ақтөбе және Ресейдің Астрахань қалалары да бауырлас қалалар.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА