Атырау, 23 қараша 18:02
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

12 автомобиль жолында көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды

717 просмотра
Көрнекі сурет

Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан Ақмола, Қостанай, СҚО облыстарындағы 8 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 6725 метр болатын су тасқыны орын алды. Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, СҚО өңірлеріндегі ұзындығы 720 шақырым болатын республикалық маңызы бар 12 автомобиль жолында көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды. «КазАвтоЖол» ҰК баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет еліміздегі су тасқыны салдарынан халықаралық және республикалық автожолдарда орын алған жағдайлар жайында баяндама жасады. 

«Ақмола облысында «Жезқазған-Петропавл» тас жолының 377-440 шақырымы, «Жезқазған-Петропавл» тас жолының 440-536 шақырымы учаскелерін айналып өту үшін жергілікті полиция қызметкерлерінің сүйемелдеуімен қара жол арқылы альтернативті маршрут ұсынылып, көлік қозғалысы қамтамасыз етілді. Ақтөбе облысындағы «Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз» тас жолының 3-92 шақырымы жабық учаскесін айналып өту үшін «Қандыағаш-Темір-Кеңқияқ-Жағабұлақ-Жем» аудандық тас жолының 235 шақырымы арқылы альтернативті маршрут ұсынылды», – деді спикер.

Атырау облысында «Мұқыр – Құлсары» тас жолының 0-136 шақырымы жабық учаскесін айналып өту үшін «Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы» тас жолының 377-512 шақыры және «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайтөтес-Шетпе-Жетібай- Ақтау» тас жолының 3-120 шақырымы арқылы альтернативті маршруттар ұсынылды. Қостанай облысында «Мариновка ауылына кіреберіс» тас жолының 0-9 шақырымы, «Жезқазған-Петропавл» тас жолының 339-377 шақырымы, «Екатеринбург-Алматы» тас жолының 555-729 шақырымы, Осы жабық учаскелерді айналып өту үшін «Денисовка-Жітіқара» тас жолының 137 шақырымы арқылы альтернативті маршрут ұсынылды.

«Солтүстік Қазақстан облысында «Жезқазған-Петропавл» тас жолының 869-875 шақырымы, «Челябинск-Новосибирск» тас жолының 525-530 шақырымы, «Петропавл қаласын айналып өту жолы» тас жолының 3-8 шақырымы, «Жезқазған-Петропавл» тас жолының 952-954 шақырымы,  «Петропавл қаласын айналып өту жолы» тас жолының 11-14 шақырымы,  «Петропавл – Соколовка – РФ шекарасы» тас жолының 17-72 шақырымы,  «Екатеринбург - Алматы» тас жолының 729-768 шақырымы жабық учаскелері жабық», – деді С.Ділдахмет.

Оларды айналып өту үшін басқа жолдар ұсынылды. Атап айтсақ, Тимирязево, Шал ақын, Ғ.Мүсірепов аудандарының тұрғындарына облыс орталығына дейін жету үшін «Волошинка-Сергеевка-Тмимрязево» республикалық маңызы бар тас жол арқылы жүріп, ары қарай Р-61 «Волошинка-Корнеевка-Рощинское» тас жолына түсіп, ол жақтан КТ-29 «Покровка-Корнеевка-Горное» тас жолымен А-16 «Жезқазған-Петропавл» жолы арқылы қалаға жетуге болады. «Жезқазған-Петропавл» тас жолының 954-952 шақырымы учаскесінде үлкен жүк көліктер үшін полиция қызметкерлерінің сүйемелдеуімен қозғалыс қамтамасыз етілуде. Мамлютка, Жамбыл аудандары үшін Р-57 «Новокаменка-Петерфельд» республикалық маңызы бар тас жолы арқылы қалаға жетуге болады.

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 794 бірлік техника мен 1945 адам су тасқынын алдын алу бойынша жұмыс атқаруда.

18 сәуір, 15:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.