gov.kz сайтында су тасқынына қарсы іс-шаралар орындарынан онлайн трансляция қолжетімді болды.
Sergek VMS кешенді бейнебақылау жүйесінің арқасында қазақстандықтар нақты уақыт режимінде Атырау облысы мен Атырау, Орал, Қостанай қалаларындағы жағдайды бақылай алады.
Қазіргі уақытта gov.kz порталына Атырау қаласы мен Атырау облысы бойынша 22 камерадан, Орал қаласы бойынша 6 камерадан және Қостанай қаласындағы 6 камерадан бейне ағындар шығарылған. Sergek Group мамандары онлайн түрде хабар таратуды Sergek аппараттық-бағдарламалық жүйелері жұмыс істейтін басқа қалаларда іске асыруға дайын.