Атырау, 1 мамыр 09:55
 бұлттыВ Атырау +22
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

НАТО Өзбекстанда курсанттарды оқытып жатыр

711 просмотра

НАТО мамандары Өзбекстанның қорғаныс министрлігіне қарайтын жас мамандарды даярлау орталығының курсанттары үшін оқу-жаттығу өткізіп жатыр. Бұл жөнінде Азаттық радиосы Өзбекстан қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап мәлімдеді.

Ақпаратқа сәйкес, НАТО мамандары аталған орталықтың техникасымен, оқу базасымен танысқан.

"Орталықта оқып жатқан курсанттар үшін НАТО-ға мүше елдердің сержанттарды дайындау бойынша бірқатар тренингтер ұйымдастырып, бұл тақырып бойынша өзара пікір алмасу болады. Бірлескен жаттығулар 20 сәуірге дейін жалғасады" - деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

Өзбекстан НАТО-мен әскери кадрларды дайындау бойынша терроризмге және басқа да халықаралық қауіптерге қарсы бағытталған "Бейбітшілік үшін даму" бағдарламасы аясында әріптестік орнатқан. Тараптар 1996 жылы ынтымақтастықтың алғашқы бағдарламасын бекіткен.

18 сәуір, 12:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.