Атырау, 22 желтоқсан 20:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

18 сәуірдегі Жайық өзеніндегі су деңгейі туралы жедел мәлімет

1 580 рет қаралды

Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректеріне сәйкес,  2024 жылғы 18 сәуір сағат 8-дегі жағдай бойынша өткен тәулікте:

Атырау облысының Жайық  өзені бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен судың деңгейі төмендегідей өзгерді:    

Жайық өзені – Индербор кентіндегі су бекетіндегі су деңгейі 555 см., деңгей +8 см-ге көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері жалпы судың көтерілуі 332 см құрады.

  Жайық өзені – Махамбет кентіндегі су деңгейі 679 см., деңгейдің + 7 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы судың көтерілуі 362 см құрайды.
    
  Жайық өзені – Атырау қ. гидропостындағы су деңгейі 396 см., тәулігіне 0 см. өзгеріссіз, су тасқыны басталғаннан бастап жалпы су көтерілуі 205 см. құрайды, су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде. 

"18 сәуірде Иректі су қоймасынан ағын 422 м3 / с құрайды, су жіберу деңгейі 345 м3/с құрайды", - делінген хабарламада.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

18 сәуір 2024, 10:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.